16.05.2022, 12:00
Оқылды: 54

Нұр-Сұлтан көшелерінің біріне БАӘ экс-президентінің есімі беріледі

Нұр-Сұлтан көшелерінің біріне таяуда қайтыс болған, БАӘ бұрынғы президенті шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның есімі беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

IMG-20220516-WA0033

Бүгін Тоқаев БАӘ Президенті шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты осы елдің жаңадан сайланған Президенті, Абу Дабидің билеушісі шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянға және билеуші әулеттің мүшелері мен Әмірліктер халқына көңіл айту үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне келді. Көшбасшылардың кездесуі Президенттің Абу Дабидегі Қасру-л Мушриф сарайында өтті.

13 мамырда Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Халифа бен Зайд Әл Нахаян ұзаққа созылған аурудан қайтыс болғаны хабарланған. Ол 72 жаста еді.

Одақтың Жоғарғы кеңесінің шешімімен Әбу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян жаңа президент болған.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале