Бүгін облыс әкімі облыс активіне жаңа аппарат жетекшісін таныстырды. Бұл қызметке белгілі журналист Нұрділдә Ораз тағайындалды.
Нұрділдә Ораз 3-інші мамыр күні ғана БҚО Қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалған болатын.
Араға екі ай жарым уақыт салып облыс әкімі аппаратының жетекшісі қызметіне тағайындалып отыр.
Нұрділдә Ораз 1981 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» және ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы «31 арна» ЖШС «Информбюро» жаңалықтар қызметінің корреспондент-жүргізушісі болып бастаған.
2004-2009 жылдары «Астана» телеарнасының репортёр-сарапшысы, «Qazaqstan» ұлттық арнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларының редактор жүргізушісі қызметтерін атқарған.
2009 жылы ішкі істер органдарына ауысып, Астана қаласының ішкі істер департаменті тіл саясаты және ақпарат бөлімінің басшысы, ҚР Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры-министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі болды.
- Бұған дейін облыс әкімінің аппарат жетекшісі болған Абат Шыныбеков басқа қызметке ауысты, - деп хабарлады облыс әкімі Нариман Төреғалиев.
Бірақ қандай қызметке барғаны туралы хабарламады.
zhaikpress.kz