3.04.2022, 9:40
Оқылды: 55

«Нұрлы жер»: Тұрғын үй салуға 7,19 млрд теңге

2021 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Орал және Ақсай қалаларында көп қабатты 5 үй және ауылдық жерлерде 51 баспана құрылысы аяқталды. Яғни «Отбасы банк» АҚ салымшыларына –  476, әлеуметтік санат бойынша кезекте тұрғандарға 436 пәтер берілген. Үй құрылысына барлық қаржыландыру көздерінен 192,8 млрд теңге бөлінген. Бұл жайында облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы Абзал Жұмағалиев хабарлады. Өңірде 1993-2020 жылдары құрылыс жұмысына жұмсалатын қаражат көлемі 14,6 млн теңгеден 173,1 млрд теңгеге дейін (12 мың есе) ұлғайды. Тәуелсіздік жылдары облыста 5,9 млн шаршы метр тұрғынжай пайдалануға берілді. «Қолжетімді баспана», «Нұрлы  жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары ауқымында жаңа шағынаудандар салынды. Бағдарлама тетіктері арқылы табыс деңгейі әр түрлі азаматтардың баспана сатып алуына мүмкіндік туды. 2010-2020 жылдары үй салуға және инженерлік-коммуникациялық желілерді тартуға мемлекеттік бюджеттен 109,5 млрд теңге бағытталды. 

2

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс бойынша 2017-2020 жылдар аралығында жаңа үйлер құрылысы қарқын алды. Осы кезеңде 1,8 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді, үй көлемі 392,2 мың шаршы метрден 529,05 мың шаршы метрге дейін артты. Мемлекеттік бюджет есебінен  көп­пәтерлі 30 тұрғын үй және ауылдық елді мекендерде 318 үй (барлығы – 5016 пәтер) пайдалануға берілді. 2019 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы ауқымында Орал қаласындағы Ақжайық шағынауданында 137,594 км инженерлік коммуникациялар (су, газ, электр және кәріз желісі) құрылысы аяқталды. Жаңа шағынауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын салуға 1,235 млрд теңге жұмсалды. Бюджет есебінен 9 қабатты 15 және 5 қабатты 10 үй салу жоспарланған. Былтыр «Отбасы банк» АҚ салымшылары үшін Ақжайық шағынауданында 9 қабатты 244 пәтерлі үйдің құрылыс-монтаждау жұмысы басталды. Көпшілік үміт артып отырған Ақжайықта 20-ға жуық коммерциялық үй салынбақ. Инвестор қолдауымен денсаулық сақтау саласы және полиция қызметкер­лері үшін әлеуметтік үйлер тұрғызылады.

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 11 КПТҮ және ауылдық елді мекендерде 70 үй және 42 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысанын салу көзделген. Бағдарлама шеңберінде құрылыс саласына – 11,86 млрд теңге, оның ішінде үй құрылысына – 7,19 млрд  теңге (облигациялық қарыз – 5,67 млрд, Ұлттық қор – 0,122 млрд, жергілікті бюджет – 1,4 млрд), ИКИ құрылы­сына – 4,67 млрд теңге (ҰҚ – 4,53 млрд, ЖБ – 0,142 млрд) бөлінді. 2022 жылғы жоспар бойынша 600 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Облыста «Нұрлы жер», «7-20-25», «Бақытты отбасы» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқар­масының мәліметі бойынша былтыр облыста 74 тұрғын 37 379 мың теңгенің үй сертификатын алды. Әлеуметтік тұрғыдан осал топқа жататын азаматтардың әрқайсына құрылыс бағдарламасына сай 1,5 миллион теңге көлемінде сертификат берілген. 2011-2015 жылдары республикалық бюджет есебінен көппәтерлі үйлерді жөндеуге 1 744 млн теңге бөлінді. Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы ауқымында былтыр үйлерді жаңғырту үшін 30 жобаны жүзеге асыруға 424 388 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 9 жоба бойынша үйлердің жеделсатысы ауыстырылған. Биыл үйлерді күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 279 648 мың теңге (9 жоба) бөлінді.

 «Нұрлы жер»: 2022 жылы нақты берілетін пәтер саны

Кімдерге бөлінеді? Елді мекендер Үй саны Пәтер саны
«Отбасы банк» АҚ салымшыларына Орал және Ақсай қалалары 4 (КПТҮ) 590
Теректі ауданының Тоқпай ауылы 20 120
ЖАО кезегінде тұрғандар үшін Ақжайық ауданы 3 60
Казталов ауданы 2 24
Жаңақала ауданы 21 61
Қаратөбе ауданы 3 12
Тасқала  ауданы 18
Теректі  ауданы 72
Шыңғырлау ауданы 45
Барлығы   58 1002

Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале