12.07.2023, 18:38
Оқылды: 60

Облыс әкімдігінде елді мекендердегі байланыс және интернет мәселелері талқыланды

Осыған дейін, бүгін Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин келгенін жазған едік. Министр IT-стартаптарды қолдау және инновациялық жобаларды дамыту мақсатында халықаралық «Astana Hub» технопаркінің қолдауымен бой көтерген «Jaiq Hub» IT-хабының ашылу салтанатына қатысты.

095E2F55-AAE9-4B6D-8C07-9AD5B522DB7A

Кейін облыс тұрғындарымен кездесіп, министрліктің өңірде атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады.

Содан кейін облыс әкімдігінде өңірдегі елді мекендерді байланыс және сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиын өткізді.

025E4443-1E8A-4540-965A-28E4E64A8191

Аталған отырысқа облыс әкімі Нариман Төреғалиев төрағалық етті.

Жиынға қатысқан облыстық басқарма басшылары, Орал қаласы және аудан әкімдері, IT-қоғамдастықтар мен телекоммуникациялық компаниялардың өкілдері байланыс мәселелерін министрмен бірге талқылады.

C7351978-F279-4B98-B8CA-C90804AC7205

«Қазіргі таңда өңірдің барлық салаларын цифрландыру – қоғам мен экономиканы дамытудағы бірден-бір алғышарт. Мемлекет басшысы цифрландыру дегеніміз – бір ғана саланы немесе бір бағытты дамыту емес, ең алдымен, экономикаға, өнеркәсіпке және қоғамға түбегейлі өзгерістер әкелу екенін баса айтқан еді. Сондықтан барлық мемлекеттік органдар мен ведомствоға қарасты мекемелер цифрландыруда жоспарлы жұмыстар атқаруы қажет. Ақпараттық технология дамыған заманда байланыс кез келген қарапайым адамға қолжетімді және түсінікті болуы керек. Мемлекеттік басқару жүйесінде де цифрлық технологияны қолдану бүкіл бағдарламаның табысты болуының кілті деп айтқым келеді», - деді өңір басшысы.

59FED84A-004D-4307-A92D-DDE474297555

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі өңірде жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту үшін әлі де қарқын керектігін баса айтты.

07318963-4AA7-411D-9B80-3F7FEE09BD90

Сонымен бірге облыстағы елді мекендерді сапалы интернетпен қамту жөнінде сөз қозғады.

Гүлмира Сәрсенғали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале