25.10.2021, 17:12
Оқылды: 114

Облыс әкімі Ғали Есқалиев қаланы көгалдандыру сенбілігіне қатысты

Іс-шара аясында өңір басшысы ұйымдастырылған жәрмеңкеге қатысты, онда шаруашылықтар терек, шырша, арша және еменнің жас көшеттерін ұсынды.

39

42

Бүгін Орал қаласы аумағын жинау, көгалдандыру және абаттандыру бойынша санитарлық-экологиялық айлық аясында өңір басшылығының, облыс орталығының, депутаттардың, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің, Жастар ұйымдары мен студенттердің қатысуымен қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде 550 үйеңкі мен терек көшеттері отырғызылды. Айлық барысында Оралда барлығы 5 300 дана ағаш отырғызылды.

38
Облыс әкімі атап өткендей, Орал қаласын көгалдандыру және тазалау бойынша сенбіліктерге қатысу – әрбір қала тұрғынының азаматтық міндеті.

40

Біздің ортақ үйіміздің тазалығы мен көркеюіне әрбір тұрғын атсалысуы керек.

41
Айта кету керек, Орал қаласын көгалдандырудың бекітілген жоспары бойынша биыл 50 700 ағаш, жасыл желектер мен көпжылдық гүлдер отырғызылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале