19.10.2021, 23:25
Оқылды: 42

Облыс әкімі Ғали Есқалиев құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады

Бүгін Оралдағы А. Островский атындағы драма театрында Құтқарушылар күніне орай мерекелік жиын өтті. Шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысып, сала ардагерлерін, мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.

6D90EDB0-E0F1-4E88-815A-214A937F8DFA

- Елімізде Төтенше жағдайлар қызметінің құрылғанына 26 жыл болды. Осы жылдар ішінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою міндеттерін сала мамандары абыроймен атқарды. Халықтың берік сеніміне ие болды. Құтқарушы болу оңай емес, ол – қауіпті мамандық. Өртті сөндіру, мұздай суға түсу, биік үйдің төбесіне шығу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Оған психологиялық, дене дайындығы болуы қажет. Сонымен қатар кәсіби шеберлік, батылдық, мықты әрі мейірімді жүрек керек. Адам басына қауіп-қатер төнген кезде, ең алдымен сіздердің көмектеріңізге үміт артады. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Жұмыстарыңыз қауіпті болғаннан кейін, қуанышты сәттермен қатар қайғылы жайттар да болады. Жаңа қызмет барысында қаза тапқан азаматтарды еске алдық. Олардың ерлігін ұмытпаймыз. Мамандықтарыңыз қауіпті, жауапты және қажетті. Кейбір қызметкерлерге төтенше жағдайлар аз болсын, қызметтеріңіз алдын алу жұмыстарымен шектелсін деген тілегімді білдіремін. Тек халықтың алғысына бөлене беріңіздер, – деп құттықтап, ізгі тілегін білдірді облыс басшысы Ғали Есқалиев.

EB2FA928-C0C3-44AC-8152-6F220A5E1F3D

Төтенше жағдайларда адам өмірін арашалауды кәсібіне айналдырып, Отан алдындағы борыштарын адал атқарып жүрген төтеншеліктердің бір тобы облыс басшысының алғысхатымен марапатталды. Олардың ішінде өрт сөндіру бөлімдерінен Берік Исмағамбетов, Данияр Рахматалиев, Кенжебек Оразғалиев, Александр Елькин, төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы Ержан Өтешев және басқалары бар.

B3E445B1-E048-4C88-AC47-344CF6A794A4

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Ернұр Өтегенов те әріптестерін мерекемен құттықтап, ведомстволық марапаттарды табыс етті. Қызметтік міндеттерін адал атқарып, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ қызметкер марапатталды. Департаменттің Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Аманкелді Ешмұхановқа «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі табыс етілді. Теректі ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Жарас Көпжасаровқа «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», №8 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Манарбек Сұлтанов «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін», Орал қаласы құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Шынболат Жаманқұлов «Құтқарушы» төсбелгісін иеленді. Одан басқа министрлік пен департамент бастығының алғысхаттары өз иелерін тапты.

Мерекелік жиын соңы Ғ. Құрманғалиев атындағы облыс филармониясы ұжымының музыкалық бағдарламасына ұласты.

D3027731-DC0E-40FC-B9CA-E164C6A59614

5D477CA0-71A1-4471-A45E-9F4D947FCD3A

D9BDD291-8F06-433A-ADF4-1A4DA4B6ECDC
55F185C7-5EB7-4A15-8056-0A0ECBA5DC20

F6B4CADB-E929-49AA-8B58-09F7DDCCE3E6
AE43728C-A0F2-42C3-82EF-67FB5BC2D47A
Гүлбаршын Дыбысқалиқызы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале