1.11.2022, 15:17
Оқылды: 92

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов әлеуметтік сала қызметкерлерін құттықтады

Қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің төл мерекесі. Облыс бойынша осы салада бүгінде үш мыңдай адам еңбек етеді. Олар ерекше күтімді қажет ететін жандар мен қарияларға қолұшын созып жүрген мейірімді жандар. Аймақ бойынша өмірлік қиын жағдайдағы 23 885 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілген. Ал, өмірдің қиын жағдайында қалған 8711 адамға техникалық көмекші құралдар табыс етілген. Бұл ақпараттар әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиында айтылды.

Салтанатты шараны БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ашты.

WhatsApp Image 2022-10-31 at 19.24.24

WhatsApp Image 2022-10-31 at 19.23.22

-Құрметті әлеуметтік сала қызметкерлері! Баршаңызды облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлының атынан кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

ҚР  Конституцияының бірінші бабына сәйкес ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы делінген. Сол әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуда қызмет атқаратын ол - Сіздерсіздер. Сіздердің жұмыстарыңыз оңай емес. Көмекке мұқтаж азаматтармен тікелей, күнбе-күн жұмыс істейсіздер. Сондықтан да осындай сауабы мол жұмыстарыңызға табыс пен сәттілік тілеймін, - деді Бақытжан Нарымбетов.

WhatsApp Image 2022-10-31 at 19.24.01

Салтанатты құттықтау сөзінен кейін Бақытжан Хаберұлы осы салада талмай еңбек етіп жүрген белсенді азаматтарға алғысхаттар табыс етті.

Әлеуметтік саланың дамуына үлес қосқан азаматтар ҚР ҚР Парламенті Мәжілісінің алғысхаты, әлеуметтік қорғау саласында адал еңбегі үшін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алғысхаты, БҚО әкімінің алғысхаттарымен марапатталды.

Атап айтсақ, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдаш Ысқақова ҚР Парламенті Мәжілісінің алғысхатымен марапатталды.

WhatsApp Image 2022-10-31 at 19.23.35

Ал, Шыңғырлау ауданынан келген Гаухар Әубакірова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісін алды.

WhatsApp Image 2022-10-31 at 19.23.19

Әлеуметтік қорғау саласында адал еңбегі үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Құрмет грамотасымен БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарлары Мыңбаев Исатай мен Салтанат Тугузбаева және басқа мамандар марапатталды.

WhatsApp Image 2022-10-31 at 19.23.21

WhatsApp Image 2022-10-31 at 19.23.18

Марапатталғандар қатарында қарапайым тазалықшы, қарияларды күтуші, көлік жүргізушісі секілді еңбек адамдары да бар.

WhatsApp Image 2022-10-31 at 19.21.59

WhatsApp Image 2022-10-31 at 19.24.09

Жекелеген адамдардан бөлек мерекелік кеште жыл бойына жоғары деңгейде жұмыс көрсеткен арнаулы мекемелердің үздіктері анықталып, сертификаттар табыс етілді.

WhatsApp Image 2022-10-31 at 19.23.32

БҚО әкімінің алғысхаты мен сертификаттарды басқарма басшысы Алпамыс Көшкінбаев табыс етті.

WhatsApp Image 2022-10-31 at 19.23.52

«Үздік әлеуметтік орталық»  аталымына  «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ие болды. «Үздік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» деген аталым Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бұйырды.

WhatsApp Image 2022-10-31 at 19.24.23

Ал, Бәйтерек аудандық әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы «Үздік жұмыспен қамту орталығы» аталымын алды.

Салтанатты кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале