28.08.2023, 9:15
Оқылды: 38

Облыс атын қашан алдық?

Біле жүріңіз!

 

1932 жылы өткен облыстық сиезде «облыс» атауын алған жергілікті билік төмендегі  күн тәртібін қарады.

жп дала

«1. Облыс аталуына орай кеңестердің кезекті  міндеттері туралы. 2. Аудандық атқару комитеттерінің есебі. 3. Қазақ ауылдарындағы ұжымдастыру және міндеттер. 4. Егін орағы науқаны туралы. 5. Өнеркәсіп комбинаттары және өндірістік құрылыстар туралы. 6. Көктемгі егіс науқаны қорытындысы. Сондай-ақ сиез облыс өз жұмысын бірінші бесжылдықты жемісті қорытындылады» деп мәлімдеді.

1932 жылдың қаңтарында өткен Бүкіл Қазақстан большевиктік партиясы Орталық Комитетінің Пленумы Қазақстанда жергілікті басқаруда кеңес жүйесін орнату және нығайту мақсатында облыстық басқарудың қажеттігін баса атап өтті.

Оны 1932 жылдың ақпан айында өткен Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 2-ші сессиясының 7-шақырылымы толығымен қолдады.

Осылайша 1932 жылдың 10 науырызындағы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің қаулысы негізінде «Батыс Қазақстан облысы» құрылып, оның құрамына 14 аудан кірді.

Олар: Теңіз, Жымпиты, Жаңақала, Жәнібек, Гурьев, Жылқосын, Маңғыстау, Тайпақ, Ілбішін, Орда, Орал, Шыңғырлау, Талов және Ойыл аудандары.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале