17.04.2024, 17:46
Оқылды: 57

Облыс аумағында үй жануарлары қауіпсіз жайылымдарға көшірілді

Облыс аумағында су басқан және басу қаупі бар елді мекендерде мал қырылуының алдын алу мақсатында үй жануарларын қауіпсіз жайылымдарға көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

WhatsApp Image 2024-04-17 at 17.38.01

Су тасқыны орын алғаннан бері 4 907 бас ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 2 351 басы ірі қара. Көшірілген малдың 300 басы Ақжайық, 503-і Теректі, 447-сі Сырым, 744 басы Бөрлі, 130 бас Бәйтерек ауданынан болса, Орал қаласынан 227 бас мал қауіпсіз жерге қоныс аударылды. Одан бөлек 2 502 бас жандық қауіпсіз орынға айдалды. Олардың 534-і Теректі, 731-і Сырым, 955-і Бөрлі, 130-ы Бәйтерек ауданынан және тағы 152 бас жандық Орал қаласы маңындағы қаупті аймақтардан арнайы жерлерге жіберілді.

Сонымен қатар төтеншеліктер 53 бас жылқыны су баспайтын жайылымға жеткізді. Олар Бөрлі (31), Теректі (2) аудандары мен Орал қаласынан (20), одан бөлек Оралдан бір түйе қауіпсіз аймаққа жөнелтілді. Бұл ақпаратты БҚО ветеринария басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы, баспасөз хатшысы Балдай Сапарғали берді.

Балдай Жароллақызының айтуынша, қазіргі уақытта Бөрлі ауданының Жарсуат, Қанай және Бумакөл ауылдық округтерінен 170 бас ірі қара мал мен 250 бас жандық жайылымдық жерлерде және 80 бас ірі қара «Бума» ЖШС-де тұр.

WhatsApp Image 2024-04-17 at 17.41.34

– Орал қаласы бойынша 1, 2, 3-саяжай, Курени, Коминтерн, Бортау ауданынан көшірілген ауыл шаруашылығы жануарлары «Шамшырақ» АӨК-нің аумағында. Ол жерде 95 бас ірі қара, 47 бас қой мен ешкі және 9 бас жылқы тұр, – деді Балдай Сапарғали.

Арнайы орындарда тұрған ауыл жануарларына уақтылы жем-шөбі, суы беріліп жатыр. Сонымен қатар, жергілікті жердегі ветеринарлар жоспарлы ветеринарлық профилактикалық іс-шаралар атқарып жатыр.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале