Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар жұмыс істеген еңбек ардагері Тілек Имашевпен кездесіп, 70 жас мерейтойымен құттықтады.
Өз сөзінде облыс әкімі «Тілек Имашұлы, еңбекке ерте араласып, еліміздің қалыптасу кезеңінде Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатын өңірімізде жүзеге асуына аянбай еңбек еттіңіз. Зейнет жасына шықсаңыз да азаматтық қоғамның дамуына атсалысып, жастарға үлгі көрсетіп келесіз. Бұл еңбегіңізді біз әрдайым жоғары бағалап, рахмет айтамыз», - деді.
Кездесу барысында азаматтық қоғамның өңіріміздегі даму мәселелері талқыланып, алдағы уақытта атқарылатын жоспарлар туралы пікір алмасылды.
zhaikpress.kz