5.09.2025, 14:02
Оқылды: 329

Облыс экономикасының негізгі салалары өскен

Биылғы 7 айда облыс экономикасының негізгі салаларында тұрақты өсімге қол жеткен. Өңдеу өнеркәсібі – 21,2%, құрылыс көлемі – 33,4%, тұрғын үйлерді іске қосу – 2,1%, негізгі капиталға салынған инвестициялар – 8,2%, ішкі сауда көлемі – 1,7%, көлік қызметтерінің көлемі 3,2%-ға артқан. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов баяндады.

каюпов

Тілепберген Ерсайұлы «Адами капитал – ел дамуының негізі» тақырыбындағы баяндамасында өңірде әр салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Олардың бәрі Президенттің былтырғы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларды орындау барысында іске асырылғанын атап өтті.

– Мемлекет басшысының алға қойып отырған ең басты міндеттерінің бірі – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамызды өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жеткізу. Сондықтан облыс экономикасын одан әрі әртараптандыру, әсіресе өңдеу саласын дамыту бағытында нақты істерді қолға алуымыз қажет. Есепті кезеңдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі – 2,2 трлн теңге (6,0%-ға өсті). Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 21,2%-ға артып, 206,5 млрд теңгені құрады. Өсім дайын металл бұйымдар, мұнай өңдеу өнімдері,  азық-түлік өнімдері өндірісі салаларында байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8,2%-ға артып, 320,2 млрд теңгені құрады. Соның ішінде, жеке инвестициялардың үлесі – 263,1 млрд теңге немесе 9,8%. Бұл – жақсы көрсеткіш, – деді облыс әкімінің орынбасары. 2025-2030 жылдары 9,2 мың жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 2,2 трлн теңгеге 73 жоба іске асыру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 3,5 млрд теңгеге 4 жоба іске қосылып, 193 жұмыс орны құрылған.

Ясипа РАБАЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале