Бүйрек синдромымен геморрагиялық қызба (БСГҚ) – бұл интоксикациямен, безгекпен, геморрагиялық синдроммен және бүйректің зақымдалуымен сипатталатын табиғи-ошақтық ауру. Аурудың қоздырғышы адамның қатысуынсыз ашық табиғатта тышқан тәрізді кеміргіштерде үнемі айналыста жүреді.
Фото ғаламтордан
Батыс Қазақстан облысында БСГҚ жағдайлары 2000 жылдан бастап тіркеле бастады. Соңғы жылдары аурушаңдық күзгі-қысқы кезеңде Бөрлі, Бәйтерек аудандарының және Орал қаласының аумақтарында тіркеледі. Соңғы 3 жылда, 2020 жылы 1 жағдай анықталса, 2021 жылы бірде бір жағдай тіркелген жоқ. Былғы жылдың 7 айында облысымызда БСГҚ ауруы тіркелмеді.
Табиғатта инфекция көзі және вирустың резервуары – тышқан тәрізді кеміргіштер (жирен дала тышқаны, дала тышқаны, сұр және қара егеуқұйрықтар және түрлі сұр дала тышқандары).
Кеміргіштерден адамдарға инфекцияның таралуының негізгі жолы – ауа- шаң (шөп, бидай, ағаш дайындау, балық аулау, жеміс-жидек және саңырауқұлақ теру кезінде егеуқұйрықтардың зақымдалған бөлінділерін шаң арқылы жұту), тамақ және алиментарлық (егеуқұйрықтардың бөлінділерімен зақымдалған тағамдарды қолдану және лас қолдар арқылы), қарым-қатынас (ауру жануармен тікелей қатынаста болу, олар тістегенде, егеуқұйрықтарды бөлшектеу кезінде және ашық жарақаттарға бөлінділер түскен кезде).
Инкубациялық кезеңі 7 күннен 46 күнге дейін, жиі 21-25 күнге дейін созылады.
Негізгі клиникалық белгілері – жедел басталуы, дене қызуының 39-40°C-қа дейін көтерілуі, қалтырау, бас ауруы, беттің, шырышты қабықтардың гиперемиясы (қызаруы). 3-4 күннен бастап температура төмендеп, бел, іштің ауыруы, денеде бөртпе, бүйректің зақымдану белгілері (зәр мөлшерінің азаюы) пайда болады.
Алдын алудың негізгі шаралары:
Тышқандармен байланыста болуы мүмкін тамақ өнімдері, суды термиялық өңдеуден өткізу;
Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде шұғыл түрде дәрігерге жүгініңіз!!
К.Д.Ахметкалиева
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы