17.08.2022, 16:13
Оқылды: 99

Облыста БСГҚ ауруы тіркелген жоқ

 

Бүйрек синдромымен геморрагиялық қызба (БСГҚ) – бұл интоксикациямен, безгекпен, геморрагиялық синдроммен және бүйректің зақымдалуымен сипатталатын табиғи-ошақтық ауру. Аурудың қоздырғышы адамның қатысуынсыз ашық табиғатта тышқан тәрізді кеміргіштерде үнемі айналыста жүреді.

врач

Фото ғаламтордан

Батыс Қазақстан облысында БСГҚ жағдайлары 2000 жылдан бастап тіркеле бастады. Соңғы жылдары аурушаңдық күзгі-қысқы кезеңде Бөрлі, Бәйтерек аудандарының және Орал қаласының аумақтарында тіркеледі. Соңғы 3 жылда, 2020 жылы 1 жағдай анықталса, 2021 жылы бірде бір жағдай тіркелген жоқ. Былғы жылдың 7 айында облысымызда БСГҚ ауруы тіркелмеді.

Табиғатта инфекция көзі және вирустың резервуары – тышқан тәрізді кеміргіштер (жирен дала тышқаны, дала тышқаны, сұр және қара егеуқұйрықтар және түрлі сұр дала тышқандары).

Кеміргіштерден адамдарға инфекцияның таралуының негізгі жолы – ауа- шаң (шөп, бидай, ағаш дайындау, балық аулау, жеміс-жидек және саңырауқұлақ теру кезінде егеуқұйрықтардың зақымдалған бөлінділерін шаң арқылы жұту), тамақ және алиментарлық (егеуқұйрықтардың бөлінділерімен зақымдалған тағамдарды қолдану және лас қолдар арқылы), қарым-қатынас (ауру жануармен тікелей қатынаста болу, олар тістегенде, егеуқұйрықтарды бөлшектеу кезінде және ашық жарақаттарға бөлінділер түскен кезде).

Инкубациялық кезеңі 7 күннен 46 күнге дейін, жиі 21-25 күнге дейін созылады.

Негізгі клиникалық белгілері – жедел басталуы, дене қызуының 39-40°C-қа дейін көтерілуі, қалтырау, бас ауруы, беттің, шырышты қабықтардың гиперемиясы (қызаруы). 3-4 күннен бастап температура төмендеп, бел, іштің ауыруы, денеде бөртпе, бүйректің зақымдану белгілері (зәр мөлшерінің азаюы) пайда болады.

Алдын алудың негізгі шаралары:

  1. азық-түлік өнімдерін кеміргіштер тиісе алмайтын контейнерде сақтаңыз;
  2. улы жемді, қақпанды пайдаланып кеміргіштерді жойыңыз.

Тышқандармен байланыста болуы мүмкін тамақ өнімдері, суды термиялық өңдеуден өткізу;

  1. шөп, сабанмен, астық өнімдерімен жұмыс істеу кезінде, шаңды үй-жайларда, ескі құрылыстарды бұзу кезінде аузыңызды, мұрныңызды орамалмен, дәкеден жасалған маскамен немесе респиратормен жабыңыз;
  2. үй-жайларды тазалау кезінде еденнің бетін сумен ылғалдаңыз;
  3. шөппен, ағашпен, астықпен жұмыс аяқталғаннан кейін қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.

Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде шұғыл түрде дәрігерге жүгініңіз!!

К.Д.Ахметкалиева

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале