27.04.2024, 10:21
Оқылды: 39

Казталов ауданы Қарасу ауылында жол қатынасы қалпына келтіріп жатыр

Казталов ауданына қарасты Қарасу ауылдық округінің орталығында жол қатынасы қалпына келтірілуде. Қараөзеннен келген ағын су Қарасу ауылына да жетіп, «Қарасу-Ащысай-Кіші Бостандық» бағытындағы аудандық маңызы бар жол және «Қарасу-Жұлдыз-Жалпақтал» бағытындағы облыстық маңызы бар жолды су шәйіп, ауылға қатынас үзілген болатын.

IMG_20240427_091406_065

Қазіргі таңда Казталов ауданына Алматы облысынан келген техникалар жұмылдырып, «Қарасу-Ащысай-Кіші Бостандық» бағытындағы аудандық маңызы бар жолды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов бүгін Қарасу ауылына барып, жол қатынасын қалпына келтіру жұмыстарын бақылады.

IMG_20240427_091406_192

Сонымен қатар бүгін Қараөзеннен келген ағын су «Үш күтір» каналы арқылы Сарыөзенге құйды. Бұл талай жылды ортаға салып бір қайталанар құбылыс.

 

Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале