27.04.2024, 15:00
Оқылды: 44

Тасқалада драма үйірмелерінің аудандық байқауы өтті

Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында «Бал өнер театры – 2024» балалар және жасөспірімдер драма үйірмелерінің аудандық байқауы өтті.

IMG-20240427-WA0004

Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттырып, өнерге деген құлшынысын ояту мақсатында өткен шараға талапты қатысушылар қатысты. Ұлт тарихындағы ұлы тұлғалар мен батырлар, есімі аңызға айналған абыздар өмірінен сыр шерткен қойылымды сахнаға алып шыққан оқушылар бойында өнерге деген таудай талап байқалды.

IMG-20240427-WA0002

Аталмыш байқаудың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева, аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжан және қазылар алқасы жоба авторы Мағжан Тілекқабылұлы, аудандық халықтық театрдың жетекшісі Жалғасбек Мырзагереев, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері, ақын Меңдібек Лұқпанов және байқауға қатысушылармен жетекшілері қатысты.

IMG-20240427-WA0007

«Балөнер театр» байқауы-балалар шығармашылығы жетістіктерінің бастауы,өнерлі өрендердің театр сахнасына алғашқы баспалдағы. Бұл байқау драма үйірмелерінің жұмысына серпіліс беретін,балалардың шығармашылыққа деген талпынысын арттыру мақсатында өткізілді.Байқауда алғаш сөз алған аудан әкімінің орынбасары Саягүл Мәулетқызы қатысушыларға сәттілік тілеп,жылы лебізін білдірді.Аталмыш байқауға ауданымыздың мектептері,мектептен тыс жұмыс орталығы және ауылдық округ мектептері бақтарын сынады. Жалпы бұндай байқау, балалардың сахна мәдениет қалыптастыруға, сөйлеу мәнерін жетілдіруге немесе өз-өзін ұстауға септігін тигізеді. Сонымен қатар бұндай байқаулар болашақта өнер саласына бет бұрып, сол бағытты таңдаймын деген балаға жол ашады.

IMG-20240427-WA0003

Қорытындысында қазылар алқасының шешімімен Амангелді орта мектебінің оқушылары бірінші орынға ие болды. Екінші орынға аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының жас өнерпаздары табан тіреді. Ал үшінші орынды Сәулет мектеп –лицейінің оқушылары иеленді. «Үздік ер адам рөлі» II Шежін мектебінің оқушысы Нұрсаят Телжановқа бұйырса,”Үздік әйел адам рөлі”аталымына Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ-нің мектебінің оқушысы Айкөркем Исенғали ие болды.

Гүлмира Серікқалиқызы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале