26.04.2024, 18:21
Оқылды: 53

Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында БҚО-да 3 аудан мен Орал қаласында су басу қаупі төмендеді

Батыс Қазақстан облысында уақтылы қабылданған шаралардың арқасында Теректі, Бөрлі, Бәйтерек, аудандары мен Орал қаласын су басу қаупі төмендеді.

c2e16cee-0cf4-4ed3-89f2-3d3430062e0c

Атап айтқанда, өңірде Жайық өзенінің бойындағы қауіпті аймақтарда 142 шақырым болатын дамбылар тұрғызылды. Бөгеттер 2 метрден 7 метрге дейінгі биіктікті құрады. Тұрғызылған дамбылар 3 ауданның елді мекендеріне және Орал қаласына су кіру қаупін барынша төмендетті.

1091affb-a60a-490f-a043-2292f8d52c7d

Қазіргі күні Жайық өзеніндегі судың деңгейі  біртіндеп түсіп жатыр, осылайша жағдай тұрақталып келеді. Ал, Ресейдің Орынбор өңірінен бастау алған су Ақжайық ауданы арқылы Атырауға өтеді. Сондықтан Ақжайық ауданында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Су тасқыны басталғалы бері облыс бойынша 13 980 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

15bd02e2-2ed7-4015-8c26-3e7775abed80

Бүгін өзге өңірлерден жұмылдырылған құтқарушылар мен әскерилердің 1 835 –і  өз үйлеріне қайтты. Сондай-ақ, қалғандары жақын уақытта келген өңірлеріне аттанады.

Құтқарушылар мен әскерилерді шығарып салу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, су тасқынымен күресте қолдау көрсеткен барша мамандарға алғысын білдірді.

WhatsApp Image 2024-04-26 at 18.39.03

«Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Үкімет деңгейінде жедел штаб құрылып, қала мен ауылдарды аман алып қалу үшін шұғыл шаралар қабылданды. Қазақ елі талай қиындықты ауызбірліктің арқасында жеңген. Бұл жолы да батыс жұртының мойнына түскен ауыртпалықты бірге еңсеріп, қолұшын созу үшін төтенше жағдай, қорғаныс, ішкі істер салаларының және ұлттық ұлан мен шекара қызметтерінің сарбаздары көмекке келді. Атап айтқанда, басқа өңірлерден тілсіз жаумен күресуге күштік құрылымдардан 3 мыңға жуық адам жұмылдырылды»- деді облыс әкімі.

89c2487d-5415-4c3a-8714-e554a594ae3c

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале