6.05.2024, 15:00
Оқылды: 29

Жаңа дауыс жобасының екінші кезеңі өтті

Жаңақала аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа дауыс» аудандық музыкалық жас талант жобасының ІІ кезеңі өтті.

cd593325-be50-488b-8759-5664ec8a3386

 Ақпан айынан жалғасып келе жатқан шараның басты мақсаты талантты жас орындаушылардың қабілетін шыңдау мен өнер жолына бағыттау, сондай-ақ, жас таланттарды үлкен сахнаға шыңдалуға бағыттау.

 Байқаудың бірінші кезеңінен үздік деп танылып шыққан өнерпаздар үш тәлімгерге бөлініп, барлығы 11 жас әнші бақ сынап көрді. Аудандық мәдени-демалыс орталығының балалар мен жастар бөлімінің әдіскері – Меңдігүл Нысанбайқызы, аталмыш мекеменің әдістеме бөлімінің меңгерушісі – Жанболат Болатұлы және әдіскер-бағдарламашы Анита Қанатқызы тәлімгер ретінде тағайындалып, әр қатысушыға баға берді.

Нәтижесінде жанды дауыста ән шырқап, көзге түскен 6 өнерпаз тартысты жарыстың үшінші кезеңіне жолдама алды.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале