6.05.2024, 14:45
Оқылды: 46

Көпке үлгі жас ана

 Иба, кішіпейілділік, мейірімділік секілді қасиеттерді бойға сіңіре білген отбасы көп. Сондай отбасының бірі, бүгінгі кейіпкеріміз көпбалалы ана – Малика Зейнуллина. Жолдасы Есей Аяпкалиев пен  Малика 7 баланы  тәриелеп, өсіріп отыр.

d91bb91d-7c16-4bfd-8800-6b258c9af62d

Балалары сабақтан кейін үй шаруасын жасап, анасына көмектесіп, сүйікті, пайдалы істермен айналысады. Аналары мейрам сайын тәттілеп мерекелік дастархан жайып, отбасымен атап өтуді дәстүрге айналдырған.

Үйдің үлкен қызы – Әнел Еркін 10 жаста. Қаладағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №10 мектепте 6-сыныпта оқиды. Мұнымен қоса Әнел қаладағы №1 Балалар өнер мектебінде қобыз аспабы бойынша 3-сыныпта оқиды. Өте талантты, дарынды, ақылды оқушыларымыздың бірі. Бойынан анасының берген тәриесі сезіледі. Әнел мектебіміздің мақтанышы, түрлі деңгейдегі байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

65cc3f7d-4edf-4d92-89a1-903fe5b872ea

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-анасының алдында қиын үлкен қоғамдық міндеті тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Жас шыбықты қалай ексең, солай өседі екен. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілесің»  демекші, ата-ананың тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Балаларының бойына  осындай барлық жақсы қасиетті дарыту, табиғат сыйлаған дарыны болса да, дамыту дұрыс білім алуына жағдай жасау, тәрбиелеу қасиеттері Әнелдің анасының бойынан табылады.

91b2faf9-0e53-4302-91ee-72b35a7a9e9f

«Бала – әр жанұяның бақыты» деген сөздерін ата-аналар жиналыстарында да Малика Райқызы айтып отырады. Маликаның ақылды ана, сыйлы келін.

«Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дегендей Маликаның да алға қойған мақсаты өте көп. Осындай үлгілі жас отбасылар, ақылды жас аналар көп болса екен дейміз.

 

 

Нұрбақыт Абдрахманова,

Оралдағы

№1 балалар өнер мектебінің

 қобыз аспабының оқытушысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале