6.05.2024, 15:15
Оқылды: 29

Жәнібектегі жол мәселесі: ұсыныстар қабылданды

«Казталов – Жәнібек – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 158-165 шақырымына күрделі жөндеуді мердігер «Бекат Сат Жол» ЖШС атқарып жатыр.

жанибек жол жп (3)

Аудан әкімдігі «ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК облыстық филиалы атқаратын жұмыстың түрлерімен танысып, талқылап, кей жерлеріне өзгертуге ұсыныс берген болатын. Яғни Жәнібек ауылының «Нефтебаза» су тоғанына су апаратын КП-4 каналының арнасын жол жиегінен қозғап, жаңа жерден канал арнасын қазу жұмыстарын қосу, жобадағы қар ұстағыш қалқандардың ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігіне қолайсыздық туғызатындығына байланысты жобаданан алып тастау мен 160 шақырымдағы жол жиегенідегі тоғанды жол негіздемесінің шамадан тыс ылғалдануынан жолдың бұзылуына және ауыл шаруашылық жануарларының жол қозғалысына кедергі келтіруі мүмкіндігін ескеріп, тоғанды алып тастау ұсынылды. Аталған ұсыныстарды талқылау мақсатында аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен қоғамдық тыңдау өтті.

жанибек жол жп (2)

Оған «ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК облыстық филиалы бөлімінің басшысы Данияр Дүйсенғалиев, «Бекат Сат Жол» ЖШС атқарушы директоры Дәурен Ерғалиев, техникалық және авторлық қадағалау мекемелерінің мамандары, ауылдың белсенді тұрғындары мен дербес бөлім басшылары қатысты.

жанибек жол жп (1)

Жақсылық Каримоллаұлы мен мердігерлер тұрғындарға мән-жайды түсіндіріп, картадан көрсетті. Ұсынымдарға қатысты сұрақтар қойылып, пікір алмасылды. Нәтижесінде ұсыныстар қабылданып, жол бойындағы каналды басқа жерден қазылады. Аталған жұмыс кем дегенде су келгенше, яғни 10-15 күн ішінде аяқталуы тиіс. Жобадағы қар ұстағыш қалқандардың орны көгалдандырылады. Сондай-ақ жолдың бұзылуына әсер ететін тоған алып тасталады. Жиыннан соң Ж.Абдолов пен мердігерлер ұсыныста көрсетілген учаскелерді көрді.

Айта кету керек, Дәурен Ерғалиевтың айтуынша, «Казталов – Жәнібек – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 158-165 шақырымының күрделі жөндеуі қарашаға дейін аяқталуы керек.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале