6.05.2024, 15:30
Оқылды: 31

Шыңғырлауда мемориалды тақта қойылды

Бүгін Шыңғырлау колледжі алдына «Тәжік-Ауған шекарасындағы және әскери қақтығыстардағы ұрыс қимылдарына қатысушы ардагерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ардагерлерінің қолдауымен Тәжік-Ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан шыңғырлаулық жауынгер Радик Каймульдиев құрметіне мемориалды тақтаны қою рәсімі өтті.

чингирлау жп мемориал (3)

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында өткізіліп отырған жиынға батырдың жақындары, қаруластары қатысты.

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев сөз сөйлеп, елі үшін қаза тапқан ерлердің рухына мәңгілік тағзым етіліп, үлкен құрмет көрсетілетінін айтты. Кейіннен сөз алған жауынгердің ағасы Эдуард Каймульдиев, әскери жолдасы Абат Дүйсенғалиев есті естеліктерімен бөлісіп, осында игі іске арқау болған жандарға алғыстарын жеткізді.

Тақтаны Шыңғырлау колледжі директорының міндетін уақытша атқарушы Берік Рақымберлиев пен Абат Дүйсенбиев ашты. Рәсімге қатысқандар гүл шоқтарын қойып, жауынгердің рухына тағзым етті.

чингирлау жп мемориал (4)

Радик Каймульдиев 1975 жылы 6 мамыр күні Шыңғырлау ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Шыңғырлау орта мектебінің табалдырығын аттап, тоғызыншы сыныпты аяқтағаннан кейін 1990-1993 жылдары Шыңғырлау ауылындағы №7 мамандырылған техникалық училищесінде білім алады.

1993 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына шақырылып, әскери борышын Шымкент қаласындағы №5485 әскери бөлімінде өтейді. 1995 жылдың 3 наурызынан Тәжік-Ауған шекарасында қызмет етеді. Жасөспірім шағында әскер қатарына алынып, сол кездегі отты ошақ тәжік-ауған шекарасына аттанған жас сарбаз, сержант Радик Бақтыгерейұлы туған топырақты қайта баса алмады. Табытпен оралған қыршын жас туған жер құшағына 12 сәуір күні жерленді.

 

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

чингирлау жп мемориал (2) чингирлау жп мемориал (5) чингирлау жп мемориал (8) чингирлау жп мемориал (9) чингирлау жп мемориал (10)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале