5.05.2024, 20:38
Оқылды: 29

Сайқын ауылында кезекті жәрмеңке өтті

Кеше Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылындағы "Береке" базарында кезекті жәрмеңке ұйымдастырылды.

3

Жәрмеңкеде Сайқын ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерлері ауыл тұрғындарына ет, сүт, құс, балық, өсімдік өнімдерін ұсынды. Атап айтсақ, "Отан" шаруа қожалығы 2 бас ірі қара малдың етін, "Түйеқыстау" шаруа қожалығы 1 бас қой еті мен тартылған ет, "Пазыл" шаруа қожалығы 1 бас қой етін, тартылған ет, сүт, құрт, жеке кәсіпкер Жанболат Наурызов 1 бас қой етін, жеке кәсіпкер Біржан Таңатаров қияр өскінін, жеке кәсіпкер Дина Таубаева құрт, май, қаймақ, айран және қуырдақ өнімдерін, ауыл тұрғындардары Бекболат Хамидуллин кәуәп, Қаныбек Сүндетов тауық және үй жұмыртқасын, жеке кәсіпкер Бекболат Менжанов сазан, мөңке балықтарын сатылымға шығарды.

1

Жәрмеңкеде өнімдер нарықтағы бағадан 10-15% төмен бағада саудаланды. Саудаға шыққан қай-қай өнімде пышақ үстінен таратылып кетті.

2

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале