5.05.2024, 17:32
Оқылды: 31

Казталов ауданы «Құлақ» елді мекенінде сенбілік өтті

Әр ауылда, әр орамда, әр көшеде өздерінің елжанды азаматтары болатынын өмірден жиі кездестіріп жүрміз. Ондай ауылдар, орамдар, көшелер қашанда алдыңғы лекке шығып, ауылдың өзге тұрғындарына үлгі болып жүретіні де жасырын емес.

Жалпақталда ел аузында «Құлақ» елді мекені аталып кеткен ықшам ауыл бар. Ол ауылдың тұрғындары іргелес орналасқан «Сельхоз» шағын ауданындағы қос көшемен бірігіп, үнемі ізгілік істің басынан табылып жүретінін жалпақталдықтар жақсы біледі.

IMG-20240505-WA0010

Бүгін де солай болды. Көшенің бастамашыл, белсенді тұрғыны Табиғат Сатқалиұлы бастаған көршілер екі ықшамаудан тұрғындарына да ортақ — бабалары жатқан мұсылмандар қауымының (зиратының) қоршауын сырлап, айналасын тазартып жалпы халықтық сенбілік өткізді. Әрине, бұл іске ешкімнің де нұсқау бермегені белгілі. Сонда да тұрғындардың үлкендері келіп қатысып, сауапты істің басынан табылғанымен, жастар жағының қарасы аз болғаны көрер көзге бірден байқалып тұрды.

IMG-20240505-WA0007

Жақсы бастаманы жария етуге асыққан біздер, болашақта осындай игілікті істердің басынан жас тұрғындардың да көптеп қатысуын қалап, мақаламызға осы ойымызды арқау еткенді жөн санадық.

Сауапты жұмыста — елдік ісіміз таныла берсін, ағайын...

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале