5.05.2024, 23:01
Оқылды: 30

Тасқалада ерлер арасында баскетболдан аудан біріншілігі өтті

Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының спорт залында 7 мамыр – Отан қоғаушылар күніне орай ерлер арасында баскетболдан аудан біріншілігі өтті.

IMG-20240505-WA0033

Шараға аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжан қатысты. Шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Саягүл Мәулетқызы сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.

InShot_20240505_225206316

«Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жасап жатқан жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Ауданымыздағы спорт саласын дамытуға үлес қосып жатқандарыңызға алғыс айтамын. Биыл ерекше болсын деп баскетбол жарысын ұйымдастырдық. Баршаңызға сәттілік» - деді ол сөзінде.

Жарыс нәтижесі бойынша I орынды Тасқала командасы иеленсе, II орын Мерей ауылдық округінің командасына бұйырды. Ал, III орынды Тасқала 2 командасы қанағат тұтты.

Назерке Шайхолла,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале