5.05.2024, 21:06
Оқылды: 30

Тасқалада қазақ күресінен еске алу турнирі өтті

Бүгін «Жастар» стадионында Тасқала ауданының құрметті азаматтары «Социалистік Еңбек Ері», «Ленин орденінің иегері» Мақаш Төлеуұлы мен қазақ күресінен «Спорт шебері», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерінің иегері ағайынды Маркс Төлеуұлы Жүсіповтерді еске алуға арналған аудан біріншілігі өтті.

IMG-20240505-WA0028

Ұлттық қазақ күресінен ұйымдастырылған турнирге 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер қатысты. Турнирдің мақсаты – еліміздің мықты палуандары мен атақты спортшыларының абыройын асқақтатып жарқын істерін жалғастыру. Жас ұрпақты спортқа баулу. Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева,аудадық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжан, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы белгілі спорт жанашыры Мүсілім Оңдағанов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балыков, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Алмаз Туркаев, сондай-ақ, дзюдадан халықаралық дәрежедегі төреші, самбо күресінен спорт шебері,ардагер спортшы Қайыржан Баймағамбетов, самбо күресінен КСРО спорт шебері Ғалымжан Сүйінішалиев, спорт ардагерлері Асылбек Шинбаев, Өмірзақ Сұлтанғалиев, туыстары мен балалары қатысты.

IMG-20240505-WA0031

Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Саягүл Мәулетқызына жиналғандарға қош келдіңіздер айтып, жас палуандарға сәттілік тіледі.

– Бүгін ағайынды Маркс пен Мақаш Жүсіпов ағаларымызды еске алу турнирі өтіп жатыр. Жас ұрпаққа үлгі етіп, осындай азаматтарды ұлықтап, турнир өткізіп жатқан тума-туыстарына, достарына ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Ағаларымыз еңбекке ерте араласып, еліміздің дамуына, ауданымыздың көркеюіне сүбелі үлес қосқан жандар. Ұрпақтары аман болсын. Барша қатысушыларға жеңіспен,сәттілік тілейміз,-деді ол өз сөзінде.

Боз кілемде 90 -нан астам спортшы өз бақтарын сынап, нәтижесінде 35 келі салмақ дәрежесіндеІ орынды Теректі ауданының тумасы Нұрдос Жұмағали жеңіп алса, ІІ орын Достық ауылдық округінің тумасы Нұрәлі Казиоллинға бұйырды. ІІІ орынға тасқалалық Нұржан Сағынгерей мен Орынғали Мүбәрәк табан тіреді.

IMG-20240505-WA0030

38 келі салмақ дәрежесінде І орынға тасқалалық Есқали Марғұлан жайғасса, ІІ орын Сырым ауданынан келген Тұран Жандәулетке бұйырды. Ал ІІІ орынды тасқалалық палуандар Жандос Нигметов пен Мақаш Рақымжан еншіледі. 42 келі салмақ дәрежесінде І орынға Ақтау ауылдық округінен Еркін Бағдат ие болса, ІІ орынға Бәйтерек ауданынан Ерсайын Жігер, ІІІ орынға Достық ауылдық округінен Джандарбеков Бекнур мен ақтаулық Маулет Расул жайғасты. 46 келі салмақ дәрежесінде І орынды Мерей ауылдық округінен Бақтыгерей Абылайхан, ІІ орынды Теректі ауданынан келген Нұрсұлтан Қадіржан, ал, ІІІ орынды Бәйтерек ауданының палуаны Бойко Давид пен ақтаулық Серік Бейбарыс жеңіп алды. 50 келі салмақ дәрежесінде І орынға Ақтау ауылдық округінен Мұхтар Нұрәлі, ІІ орынға Орал қаласынан Ерген Бектын мен ІІІ орынға теректілік Альмурзин Санжар мен бәйтеректік Ризахмет Нұртас ие болды. 54 келі салмақ дәрежесінде І орынға тасқалалық Даулетжан Мади жайғасса, ІІ орын ақтаулық Болат Ермұхаммедке бұйырды. Ал, ІІІ орынды амангелділік Талап Арман мен тасқалылық палуан Ерболат Жаслан өзара бөлісті.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале