5.05.2024, 21:45
Оқылды: 26

Бокстан байрақты бәсеке өз мәресіне жетті

2-4 мамыр күндері аралығында Казталов ауданының Бостандық ауылында аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен 2008-2009, 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015 жылғы жасөспірімдер арасында бокстан Казталов ауданының ашық біріншілігі өтті.

InShot_20240505_214722208

Жарыстың мақсаты – спортшылардың спорттық шеберліктерін арттыру және аудан көлемінде бокс спортын кеңінен дамыту. Спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, спорттық шеберліктерін арттыру.

Былғары қолғап шеберлері сынға түскен ашық чемпионатта аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Рахымғалиев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Чемпионатқа Орал қаласы, Орал (Жекпе-жек), Орал (Желаев), Орал (Сарбаз), Бөкей ордасы, Жәнібек, Жаңақала, Бәйтерек, Казталов аудандары, Желаев, Тереңкөл, Қайыңды, Болашақ, Бостандық ауылдарынан 140 спортшы қатысып, өзара бақ сынады.

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде 2008-2009 жылғы жасөспірімдер арасында 44 келі салмақ дәрежесінде Байке Өтебай (Казталов ауданы) І орын, Нұрбағдан Самиғолла (Бостандық ауылы) ІІ орын, Алмат Жұмагерей (Бостандық ауылы) мен Әділет Наушабай (Жәнібек ауданы) ІІІ орынды иеленді.

48 келі салмақ дәрежесінде І орынды Миран Жүсіпов (Бостандық ауылы), ІІ орынды Ерұлан Жасқайрат (Бостандық ауылы), ІІІ орынды Саян Тұрсынғали (Жаңақала ауданы) иеленсе, 50 келіде Эльдар Сағынғали (Жәнібек ауданы) І орын, Армат Жұмагерей (Бостандық ауылы) ІІ орын, Ақтілек Шандиров (Бөкей Орда) пен Дарын Ақтан (Жаңақала ауданы) ІІІ орын алды. 60 келі салмақта І орын Рахман Мағауия (Казталов ауданы), ІІ орын Нұрислам Нұржанов (Бостандық ауылы), ІІІ орынды Елнұр Ханат (Казталов ауданы) пен Ералы Нығметуллин (Казталов ауданы) иеленді.

2010-2011 жылғы жасөспірімдер арасында 34 келі салмақта Нұрислам Есетов (Бәйтерек ауданы) І орын, Мәди Иран (Бостандық ауылы) ІІ орын, Ернұр Базарбаев (Орал қаласы) пен Өркен Берікқали (Казталов ауданы) ІІІ орын алды. 40 келі салмақта Айбар Жеңіс (Орал қаласы) І орын, Ерасыл Нұржанов (Бостандық ауылы) ІІ орын, Әділет Әдиет (Қайыңды ауылы) пен Дияс Бекболат (Жәнібек ауданы) ІІІ орынды алды. 40 келі салмақта (ІІ топ) Азизхан Қадыр (Жәнібек ауданы) І орын, Нұрәлі Камидолла (Орал қаласы) ІІ орын, Алдан Гарифуллин (Болашақ ауылы) мен Бекназар Сағадат (Бөкей Орда) ІІІ орын алды. 44 келі салмақ дәрежесінде  І орынды Тамерлан Ондағанов (Орал қаласы), ІІ орынды Айбек Есентаев (Казталов ауданы), ІІІ орынды Ерген Ақболатұлы (Жаңақала ауданы) мен Сырым Тасболатов иеленсе, 48 келі салмақ дәрежесінде І орынды Ерхан Бахтияров (Казталов ауданы), ІІ орынды Ернар Есқали (Орал қаласы), ІІІ орынды Жарас Тастанов (Жәнібек ауданы) пен Дарын Жұмабай (Болашақ ауылы) алды. 55 келі салмақ дәрежесінде І орынды Бекнұр Батқолла (Казталов ауданы), ІІ  орынды Досжан Әлімжанов (Казталов ауданы), ІІІ орынды Ернұр Оқас (Бостандық ауылы) пен Ерхан Нұрлан (Болашақ ауылы) иеленді. 64 келі салмақ дәрежесінде Кәусар Жұмажан (Орал қаласы) І орын, Мансұр Яруллин (Казталов ауданы) ІІ орын, Нұрәлі Бақыт (Орал қаласы) пен Әнуар Құрманғали (Орал қаласы) ІІІ орын алды.

2012-2013 жылғы жасөпірімдер арасында 30 келі салмақта І орынды Бекназ Камидолла (Жәнібек ауданы), ІІ орынды Али Елемесов (Казталов ауданы), ІІІ орынды Талант Табылдиев (Бостандық ауылы), Мерейхан Қамит (Жәнібек ауданы) иеленді. 32 келі салмақта І орынды Нұрәлі Есетов (Бәйтерек ауданы), ІІ орынды Эльдар Ерназар (Бостандық ауылы), ІІІ орынды Рахманжан Сапуан (Жәнібек ауданы), Нұрәлі Төлеш (Жаңақала ауданы) алды. 32 келі салмақта (ІІ топ) Әбунасыр Сағынбекұлы (Бәйтерек ауданы) І орын, Ұлан Ысқақ (Жаңақала ауданы) ІІ орын, Бексұлтан Серік (Казталов ауданы) пен Нұрлат Нұрлан (Казталов ауданы) ІІІ орынды алды. 36 келі салмақ дәрежесінде І орын Ниет Өмірзақов (Бостандық ауылы), ІІ орынды Айбар Жайсанғали (Жәнібек ауданы) иеленсе, Мансұр Байболат (Бостандық ауылы) пен Таңатар Қайырберген (Бәйтерек ауданы) алды.

2014-2015 жылғы туған жасөспірімдер арасында І орынды Мақсат Жасбатыр (Бостандық ауылы), ІІ орынды Нұржан Балмұқханов (Жәнібек ауданы), ІІІ орынды Айбол Қасым (Бостандық ауылы) мен Ниязбек Қуан (Қайыңды ауылы) алды. 26 келі салмақта Ералы Ережеп (Бәйтерек ауданы) І орын, Хазрет Есенгелдин (Бостандық ауылы) ІІ орын, Бекнұр Өмірбекұлы (Бостандық ауылы) мен Батнұр Қанат (Болашақ ауылы) ІІІ орын алды. 28 келі салмақта Нұрмұхаммед Темірбек (Бостандық ауылы) І орын, Нұртас Қайрат (Казталов ауданы) ІІ орын, Бексұлтан Әміржан (Бөкей Орда) мен Әмір Құбашқалиев (Қайыңды ауылы) ІІІ орын иеленсе, 30 келі салмақ дәрежесінде Нұрымжан Нұржан (Бостандық ауылы) І орын, Ахмедияр Төлеуғалиев (Бәйтерек ауданы) ІІ орын, Санжар Есетов (Бәйтерек ауданы) пен Арлен Мусин (Болашақ ауылы) ІІІ орын иеленді. 30 келі салмақта (ІІ топ) І орынды Нұрзат Рысбаев (Қайыңды ауылы), ІІ орынды Жасқанат Рахметолла (Болашақ ауылы), ІІІ орынды Ибрахим Ерсайын (Бөкей Орда) мен Алмат Базекен (Қайыңды ауылы) алды. 34 келі салмақ дәрежесінде Сауран Мұсабек (Бостандық ауылы) І орын, Нұрымжан Нұржан (Бостандық ауылы) ІІ орын, Әлім Ағбай (Қайыңды ауылы) мен Данияр Мұрат (Тереңкөл ауылы) ІІІ орын иеленді.

Жарыс нәтижесі бойынша командалық есепте І орынды Бостандық ауылының командасы, ІІ орынды Казталов ауданы командасы, ІІІ орынды Бәйтерек ауданы командасы жеңіп алды.

Аудандық ашық біріншілікте "Үздік боксшы" номинациясын Байкен Өтебай, "Үздік техника"  номинациясын Айбар Жеңіс, бір топ боксшылар "Жеңіске деген жігерлігі" үшін номинициясымен марапатталды.

Жүлделі орын алған қатысушыларға дипломдар мен медальдар табыс етті.

 

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале