27.04.2024, 16:33
Оқылды: 42

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі БҚО-дағы шаруалармен кездесті

Бүгін Орал қаласындағы Жастар мәдениет сарайында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин облыстық басқарма өкілдерімен және өңірдегі шаруа қожалықтарының иелерімен кездесті.

IMG-20240427-WA0054

2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарының өту барысы туралы айтылған жиынның тізгінін облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов ұстап, әуелі басқарма басшыларына сөз кезегін ұсынды. Вице-министр Аманғали Бисенбайұлы өз баяндамасында мұндағы басты мақсат – көктемгі егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізу екенін еске салды. Сондай-ақ егіс жұмыстарын салалы жүргізу мақсатында аталған министрлік тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын тілге тиек етті.

IMG-20240427-WA0026

– Өңірлерде көктемгі егіс жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жедел штаб жұмыс істейді. Сондықтан егіс кезеңінде туындайтын барлық мәселе қаралады және шешіледі. Биыл көктемгі егіс жұмыстарын жеңілдетілген несиелеуге алғаш рет 580 млрд теңге бағытталмақ. Соның ішінде «Кең дала» бағдарламасы аясында 140 млрд теңге, форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 40 млрд теңге, ал қалған 400 млрд теңге – коммерциялық қарыз капиталы. Онда жеңілдетілген пайыздық мөлшерлеме қолданылатын болады, – деді вице-министр.

IMG-20240427-WA0046

Өңірдегі фермерлер қазіргі кезде өздерін алаңдатып отырған сауалдарын және ауыл шаруашылығы төңірегіндегі ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар олар талап-тілектерін де жеткізді.

IMG-20240427-WA0030

Вице-министр Аманғали Бисенбайұлы қозғалған мәселелердің алдағы уақытта қаралатынын, сонымен қатар кезегі келіп тұрған күрделі түйіндердің шешіліп қалуы мүмкін екенін айтты.

Аманжол Исламғали,

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале