15.06.2024, 16:00
Оқылды: 55

Облыстық конференция – Тасқалада

Бүгін Тасқала ауданының орталығында «Әке – асқар тауым» тақырыбында облыстық конференция өтті.

IMG_20240615_160405_975

Осы айдың үшінші жексенбісі – Әкелер күніне орай ұйымдастырылған конференция барысында ең әуелі Тасқала ауданының әкімі Талғат Шакиров қонақтарға уақыт бөліп келгендері үшін алғыс білдірді. Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева отбасы құндылықтарын насихаттау бағытында облыс бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оған қоса көпшілікке үлгі көрсетіп жүрген әкелерді марапаттады.

IMG_20240615_160517_808

«Бөкейліктер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қайролла Сабыров әкенің қоғамдағы орны жайында сөз қозғады. Өз кезегінде Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Шалқыма Құрманалина әкелердің белсенділігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ал «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО бойынша төрағасы Болат Рамазанов әкелердің жанұяда материалдық қажеттіліктерді өтеп қана қоймай, бала тәрбиесіне де араласуы керектігін айтты. Аталған аудан орталығында орналасқан «Сәулет» мектеп-лицейінің мұғалімі Нұрболат Шапиков «Қазақ қоғамындағы әке рөлі және ұрпақтар сабақтастығы», Мереке ауылдық округінің әкімі Мэлс Нәріков «Қасиетті қара шаңырақ кенже ұлдың еншісі» тақырыбында баяндама оқыды.

IMG_20240615_160652_595

Конференция соңында іс-шараның басқа да қатысушылары ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.

IMG_20240615_160743_864

Содан соң Гүлжанар Болатқызы Тасқала ауылының іргесіндегі «Шұғыла» жазғы лагеріне барды. Сол лагерь ауласына «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына орай 20 түп ағаш егу жұмыстарына атсалысты.

IMG_20240615_160834_579

Сондай-ақ аталған акция аясында ұйымдастырылған эссе, сурет байқауларының жеңімпаздарын марапаттады. Лагерьде жүрген оқушылар көрініс қойып, ән шырқады.

Марлен Ғилымхан,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале