12.11.2021, 14:35
Оқылды: 79

Облысымызда қаржы пирамидасын құрып, салымшылардан 76 млн теңге түсірген әйел ұсталды

Батыс Қазақстан облысында қаржы пирамидасын құрып, салымшылардан 76 млн теңге түсірген әйел ұсталды.

15

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қазіргі кезде А. деген әйелге қатысты ҚР ҚК 217-бабына (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған әйел қаржы пирамидасын құрып, «Халық банк» және «Каспий банк» АҚ-дағы карталық есепшоттарына «Мебельный проект Нур» онлайн жобасы арқылы жиһаз ойнату жолымен жеке тұлғалардан қаржы жинаған. Жаңа салымшыларды да тартып отырған.

Алдын ала мәлімет бойынша 2700-ден астам салымшыдан қаржы пирамидасына 76 млн 75 мың теңге түсірген.

Қазіргі кезде күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабына сәйкес Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Әдетте жеке тұлғалардың қаржы пирамидасына берген салымдары ештеңемен қамтамасыз етілмеген. Төлемдер жаңа салымшыларды тарту жолымен жүзеге асырылады. Қолда бар деректерге қарағанда, Қазақстан аумағында осындай жолмен бірнеше сайт қызмет етеді. Олардың ұйымдастырушылары елден тысқары жерде орналасқан. Егер қаржы пирамидасына алдансаңыз, БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің +7(7112)53-84-27 сенім телефонына хабарласуға болады», деп хабарлады ведомстводан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале