27.03.2024, 11:45
Оқылды: 130

Өлеңті өзеніндегі су деңгейі бір тәулікте 284 сантиметрге көтерілген: үйлерді су басу қаупі бар

Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

сырым су (2)

«КАЗГИДРОМЕТ» ШЖҚ РМК БҚО-дағы филиалының 27 наурыздағы мәліметіне сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылындағы Өлеңті өзеніндегі гидрологиялық бекетте су деңгейі  26 наурыз таңғы 08:00-де 179 сантиметр болған. 24 сағат ішінде су деңгейі тағы 284 сантиметрге көтерілген. 27 наурыз 08:00-де су деңгейі 463 сантиметрге жеткен.

Су әлі де келіп жатыр. Өзендегі су деңгейі жан-жақтан жеткен су арқылы көтеріліп, қауіпті белгіден асуы мүмкін.

Қауіпті деңгей – 490-520 сантиметр.

Елді мекендер өзендері бассейндерінен төмен, яғни Жымпиты және Өленті ауылдарында өзен маңында орналасқан үйлерді су басу қаупі бар.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале