4.04.2025, 10:30
Оқылды: 52

Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшылығымен спортты дамыту мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының және Қатар Олимпиада комитетінің вице-президенті Шейх Джоан Бин Хамад Бин Халифа Әл-Тани, Азия және World Aquatics Олимпиада Кеңесінің бас директоры Хусейн әл-Мусаллам, Қатар Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Тани Абдулрахман Әл-Каууари қатысты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің ресми сайты хабарлады.

8768676 (1)

Сурет: primeminister.kz

Кездесу барысында Халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту, олимпиадалық қозғалысты қолдау және кәсіби әрі бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Қазақстанның халықаралық спорт ұйымдарымен спортшыларды даярлау және бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спорттық инфрақұрылымды жаңғырту, су спорт түрлерін дамытудағы өзара іс-қимылды кеңейту бөлігінде ынтымақтастығының перспективалары қаралды.

Спорттық кооперация бұқаралық спортты насихаттауда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале