5.09.2023, 17:15
Оқылды: 30

Өңірде бес адамнан құралған алаяқтар тобы ұсталды

БҚО-да бес адамнан құралған алаяқтар тобы ұсталды. Топтың ұйымдастырушысы «Трамадол патшасы» Николай Карпов болып шықты. Ол Орал қалалық сотының шешімімен екі айға қамауға алынды. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінде өткен брифингте айтылды.

5B6E113F-61DB-4B75-AE94-33B126966C58

 

Облыста шағын несие беру мекемесінде кепілде тұрған көліктерді шетелге сатып ақша табумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Шілде айының соңында шағын несие беру мекемесінен Полиция департаментіне алаяқтық фактісі бойынша арыз келіп түсті.

Істі тергеу барысында К. есімді азаматтың несие беру мекемесінде кепілде тұрған көліктерді көрші елге сатқаны анықталды. Ол азамат алдымен көліктерді кепілге қойып, несие рәсімдеген. Кейін ол көліктерді сатып жіберіп отырған. Полиция қызметкерлері 2 қыркүйек күні К. есімді азаматты ұстады. Бұл қылмысқа бұдан бөлек төрт адамның  қатысы бары анықталды. Бес адамнан тұратын бұл топтың қазіргі уақытта басқа қылмыстарға қатысы бары тергеліп жатыр, - деді Арман Оразалиев.

photo_2023-09-05_13-39-36

– Шағын несие беру мекемесіне келген шығын 15 миллионды құрайды, - деді тәртіп сақшылары.

Қылмыстың бәрі толық дәлелденсе К. есімді азамт пен оның тобы 3 жылдан 7 жылға дейінгі аралықта сотталуы мүмкін.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале