Орал қаласының әкімдігі әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.
Сурет: әкімдіктен
«WhatsАpp әлеуметтік желісінде Оралда су тасқыны кезінде баспанасын су басқан, алайда бірнеше үйі бар азаматтарға материалдық көмек беріледі деген жалған ақпарат тарады. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Тұрғындардан жалған хабарламалардың жетегінде кетпей, тек ресми ақпарат көздерін назарға алуды сұраймыз», - деп мәлімдеді Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.