31.05.2023, 11:31
Оқылды: 141

Орал әуежайынан жаңа әуекомпанияның алғашқы рейсі ұшты

30 мамырда Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайынан Антальяға Turkish Airlines әуекомпаниясының бірінші борты ұшты. 28 қыркүйекке  дейін созылатын бағдарламаға сәйкес рейс аптасына екі рет ұшады.

аэропорт (1)

Ең танымал курорттардың біріне халық Boeing 737-900 жайлы әуе кемемімен ұшады. Оның – 152-сі эконом, 16-сі – бизнес-класс орын. Әуежайдың бас директоры Рустам Биктимиров бірнеше рет мәлімдегендей, Орал қаласынан ұшатын маршрут желісін дамыту - басым бағыттардың бірі.

- Нарықта 90 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан Түркияның  флагмандық әуекомпаниясы жүзеге асыратын чартерлік бағдарламаның басталуы  жолаушылар үшін жаңа бағыттарды ашуға серпін береді деп үміттенеміз.

аэропорт (2)

Өйткені, біздің мақсатымыз ішкі және халықаралық бағыттардағы маршруттарды  кеңейту. Анталья Орал кестесіндегі алғашқы халықаралық курорттық бағыт болды, - деді Рустам Биктимиров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Scat Airlines әуекомпаниясы да түрік курортына аптасына екі рет ұшатын чартерлік бағдарламаны іске қосқан болатын. Сонымен қатар, жолаушыларға Шарм-эль-Шейхке баратын рейстер де қол  жетімді. Орал қаласынан ұшатын турларды қазір еліміздің ең ірі туристік операторы Fun&Sun Kazakhstan компаниясынан сатып алуға болады.

аэропорт

 

Айнагүл Сакпусунова,

Орал халықаралық әуежайының

 баспасөз қызметінің басшысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале