Орал қаласы әкімінің өкімімен Орал қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Дүйсенғалиев Жандос Асхатұлы тағайындалды.

Жандос Дүйсенғалиев 1990 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «тарих» мамандығы, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданындағы «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып бастаған.
Әр жылдары Сырым ауданы әкімінің аппаратында, Қазталов ауданы әкімі аппаратында, Орал қаласы әкімінің аппаратында қызмет еткен.
2020 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып еңбек етті.
Жандос Асхатұлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласына жетекшілік етеді.