«Орал өңірі» газетінің «Назар аударыңыз!» арнайы бетінің нысанасына бүгін Орал қаласының көшелеріндегі ойдым-ойдым ойықтар мен «жыртылған жамаулар» ілікті.
Академик Асан Тайманов пен М. Мәметова көшелерінің қиылысы. Наурыз айындағы фото
Жол үстіндегі мұндай «географиялық нысандар» қалыпты көлік қозғалысына кесір-кесапатын тигізіп, берісі автоарғымақтардың жүріс бөлігін істен шығарып, ал әрісі жол-көлік оқиғаларына негіз болатыны бесенеден белгілі.
Академик Асан Тайманов пен М. Мәметова көшелерінің қиылысы. Қазіргі жағдай
Мына фотосуреттердің астында ойдым-ойдым ойықтар мен «жыртылған жамаулар» қай көшенің бойында немесе қай көшелердің қиылысында екені, яғни «адрестері» жазылған. Егер үшбу «географиялық нысандарды» тегістеп-бітеуге нұсқау беруге ниетті қалалық шенеунік болса, мархабат!
Мұнайшылар көшесі мен Х.Есенжанов көшесінің қиылысы, «Омега» көпіріне бұрылып шығар жолда
М. Мәметова көшесі №50 үйдің жаны
Қадыр Мырза Әли орталығы аялдамасының қарсы беті. Әбілқайыр хан дағылы
Құрманғазы көшесінен М. Мәметова көшесіне солға бұрылған бағытта