27.12.2024, 20:00
Оқылды: 42

Орал қаласында 40 алкомаркеттің 15-і лицензиясынан айырылды

Батыс Қазақстан облысында биыл отбасылық қатынас саласындағы қылмыстардың 70 пайызы (1 256) қоғамдық орындарда және 22 пайызы (266) адамдардың мас күйінде жасалған.

IMG_2679Фото: Pixabay.com

Бұл туралы тыйым салынған уақытта алкогольдік өнімдердің сатылуына жол бермеу және оның алдын алу мақсатында облыс прокуратурасында өткен жиында айтылды.

Соның барысында «Yandex», «Volt» және «InDrive» интернет қосымшалары басшыларымен түнде алкогольдік өнімдерді жеткізуге және сатуға тыйым салу туралы меморандумға қол қойылды.

БҚО прокурорының бірінші орынбасары Дәурен Омарғалиевтің мәлім еткеніндей, заңнамамен түнгі уақытта алкогольдік өнімдерді сатуға тікелей тыйым салынғаны белгілі. Тек мейрамхана, бар және кафелер сата алады.

— Орал қаласында түнгі уақытта алкогольдік өнімдерді сататын және жеткізетін 40 алкомаркет бар. Осыған байланысты биылғы 19 қарашада облыс прокуратурасында өткізілген заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша үйлестіру кеңесінің шешіміне сәйкес прокуратура мен полиция бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізді. Соның нәтижесінде облыстық орталығындағы 40 алкомаркеттің 15-і (38 пайызы) лицензиясынан 1 айға айырыла отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда рейдтік іс-шаралар жалғасуда, — деді Д. Омарғалиев.
Оның айтуынша, қабылданған шаралар соңғы айда мас күйінде жасалған қылмыстардың 22 пайыздан 17 пайызға дейін төмендеуіне әсер етті.

— Мұндай меморандумдар қылмыстың алдын алуға және оны азайтуға оң ықпалын тигізеді, — деді БҚО прокурорының бірінші орынбасары.

ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале