24.08.2017, 19:46
Оқылды: 48

Орал қаласында екі жолаушылар автобусының соқтығысуынан 58 адам зардап шекті

received_10209910399129025Бұл туралы бүгін қала əкімі Мұрат Мұқаев арнайы осы оқиғаға байланысты ұйымдастырған брифинг барысында мəлімдеді.


Құқық қорғау органдарының, жолаушылар тасымалымен айналысатын мекеме басшылары қатысқан жиында БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Манарбек Ғабдуллин орын алған жол апаты бойынша түсінік берді.
received_10209910398809017-1- 24 тамызда 8 сағат 45 минутта Орал қаласындағы Жəңгір хан көшесінің бойындағы Шаған өзенінің үстінен өтетін көпірге жақын маңда жол-көлік оқиғасы болды. Қалалық N7 маршруттық автобустың 1993 жылы туған жүргізушісі Рахымжанов жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жолдың оң жақ шетінде келе жатқан "Рено-Дастер" автокөлігін басып озбақ болғанда аталған машинаның оң бүйірін қағып өткен. "Рено-Дастер" болса, қашықтықты сақтамандықтан, алдында өз жолымен келе жатқан N5 қалалық маршруттық автобусқа келіп түйіскен. Соның салдарынан осы автобус алдындағы "Ларгус" маркалы автокөлікке соқтығысқан. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық жəне автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Оқиғаға қатысқан автокөліктер арнайы автотұраққа қойылды, - деді Манарбек Серікқалиұлы.
received_10209910399049023-1БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Əбдірахманованың айтуынша, оқиға орнына шұғыл келіп үлгерген 7 "жедел жəрдем" бригадасы облыстық ауруханаға 17 (1-еуі ауруханаға жатқызылды), қалалық көп бейінді ауруханаға 41 (5-еуі жатқызылды) - барлығы 58 зардап шегушіні жеткізген, оның бесеуі - балалар. Барлығының да алған жарақаттары орташа деңгейде, өміріне қауіп төнетіндей ауыр жараланғандар мен жансақтау бөліміне түскендер жоқ.
- Жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктің қатысуымен болған кез келген жол апаты төтенше жағдай болып табылады. Алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермеуіміз керек. Ал бүгінгі жол апатынан зардап шеккен жандардың бəріне тиісті медициналық көмек көрсетуді тапсырамын.
Құқық қорғау органдары қоғамдық көліктердегі жолаушылар санының мөлшерден тыс артпауын, белгіленген жылдамдықтан асырмауды қатаң бақылауға алсын.
received_10209910398729015Көліктерді бақылау инспекциясы техникалық қызмет көрсету орталықтарының қызметін қадағалауды күшейтсін.
Ал жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелерге қойылар талап көп. Соның ішіндегі ең бастылары - тозығы жеткен ескі автобустарды комфортабельді əрі қауіпсіз жаңасына алмастыру, жүргізушілер мен кондукторларды аты-жөні жəне көлік нөмірі көрсетілген бейдждермен, бірдей киіммен қамтамасыз ету, салондардың тазалығын сақтау, сервисті жақсарту (билет беру, жолаушылармен сыпайы сөйлесу), т.б.
Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырудың тағы бір маңызды жолы жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Осы орайда биылғы жаздың басында қаладағы қоғамдық көліктерге GPRS қондырғысы бар BusReport жүйесі енгізілген болатын. Бүгінгі таңда жолаушылар тасымалымен айналысатын 500 автобустың 360-ы осы жүйеге қосылды. Қалған көліктерді де қосуды қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды тапсырамын, - деді қорытты басқосуды шаһар басшысы.

Айгүл Ахметова
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале