20.09.2022, 10:15
Оқылды: 68

Орал қаласында үш оқушы қызды көлік қағып кетті

Кеше түскі 13:08 - де жедел жәрдем станциясына үш қыз баланы көлік қағып кеткені туралы шақырту түскен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем көлігімен қыздар балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

585dc97e5126f575686541c0f1010f85

Фото: ult.kz

«2010, 2011, 2009 жылғы үш қыз бала қазір дәрігерлердің бақылауында. 2010 жылғы қыз баланың мойыны жарақаттанған, 2011 жылғы қыз бала түрлі дене жарақатын алған және жіліншігі зақымданған, ал үшінші қыз 2009 жылғы жіліншіктің ашық жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқиға кеше түскі уақытта, №30 мектеп маңайында болған. Жел сөзге сенсек, қыздарды қағып кеткен көлік жүргізушісі наркологиялық масаң күйде болған. БҚО ПД жол апатына қатысты ақпаратты кейін береміз деп уәде берді. Толығырақ хабарлаймыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале