Бүгін Республика күні қарсаңында Оралдағы қоғамдық көліктердің қатары жаңа автобустармен толықты. Шаһар әкімі Миржан Сатқанов тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтап, жаңа автобус кілттерін жүргізушілерге табыс етті.
«Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары Данияр Мұхтаровтың мәлімдеуінше, өңірде соңғы айларда жалпы саны 23 қоғамдық көлік сатып алынған.
– Алынған автобустардың барлығы қала тұрғындарын тасымалдайды. Қазір аталған 23 көліктің 17-і әкелінді. Бүгін мереке қарсаңында пайдалануға берілген қоғамдық көліктердің дені қаладағы адам тасымалы жиі №2 бағытқа арналған. Жыл сайын қаладағы маршруттар бөлінген субсидияға байланысты жаңартылып отырады. Жаңа кілттері табыс етілген автобустарда тұрғындардың сұрауымен желдеткіштер орнатылған, - деді Данияр Бақтыгерейұлы.
Гүлмира Сарсенғали
zhaikpress.kz