8.09.2023, 17:45
Оқылды: 90

Орал қаласының 28 жасар тұрғыны есірткі сататын интернет-дүкен ашқан

«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында БҚО ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенді құрып, сатқаны үшін Орал қаласының 28 жасар тұрғыны анықтап, ұстады. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

57AFA759-E5D9-44A9-B975-3B02C7E0378D

«Тұрғынның пәтерінен 70 «зип-пакеттер», 13 ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті өсімдік салынған пакет табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың салмағы екі келіден асатын «марихуанна» екені белгілі болды. Сондай-ақ, оқиға орнынан магниттер, ұсақтағыш, таразы, скотч, фольга, қайшы және компьютердің жүйелі блогы тәркіленіп алынды», делінген хабарламада.

36E22C13-BFB6-4B44-8EB5-71290C2545F0

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты басқа тұлғаларды анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале