29.08.2023, 15:15
Оқылды: 55

«Орал» компрессорлық станциясына Есет Әзірбаевтың есімі берілді

Оралда белгілі газ тасымалдау ісінің майталманы Есет Әзірбаевты еске алу шарасы өтті.

- Есет Әзірбаев «Қазақгаз» компаниясын құрып, ең қиын кезеңде елдің жүгін арқалаған азамат еді, - деді марқұмның көзін көргендер.

Жиынға БҚО Әкімі аппаратының жетекшісі Нұрділдә Ораз бен «QazaqGaz» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қатысты. 

газ1

Салтанатты жиынға жиналғандар алдымен Есет Әзірбаевтың бюстінің алдына гүл шоқтарын қойып, марқұмды еске алды. Жиынға марқұмның көзін көргендер мен отбасы мүшелері қатысты.

- Есет Әзірбаев Қазақстандағы газ тасымалдау өнеркәсібінің мықты маманы болған. Ол кісінің кәсібилігінің арқасында Қазақстанда газ өндірісі жақсы жолға қойылған, - деді шарада сөз алғандар.

газ

Есет Әзербаевтың Қазақстан газ өндірісіне қосқан үлесі ұшаң теңіз. Осыны ескерген сала ардагерлерінің бастамасымен бүгін облыстағы ірі «Орал» компрессорлық станциясына Есет Әзірбаевтың есімі берілді.

газ3

Салтанатты жиынға арнайылап Астана мен Алматыдан меймандар келген.

«QazaqGaz» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов өзі бастап Есет Әзірбаевтың газ өндірісі саласына қосқан үлесі туралы баяндады.

газ2

- Біз бүгін Есет Әзірбаевтың еңбегіне, жасаған қызметіне тағзым етуге, құрмет тұтуға арнайы Орал қаласына келіп отырмыз. Ол кісі 1991-1992 жылдары осы «Қазақгаз» компаниясының құрылуына үлкен еңбек сіңірген адам. Сол жылдардағы  жасаған еңбегі үшін біз «Орал» компрессорлық станциясына сол кісінің есімін беріп жатырмыз. Біздің жас мамандар Есет Әзірбаев атамызға еліктеп, қызметінен үлгі алып өсуі керек, - деді «QazaqGaz» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов.

Салтанатты жиын соңында Есет Әзірбаевтың ұлы мен қызы көрсетілген құрмет үшін алғыс білдірді.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале