Кеше кешкісін Орал қаласына алғашқы қар түсті. Қар әдеттегідей біраз адамды әбігерге салып үлгерді.
Әсіресе коммуналдық мекеме қызметкерлері түнімен қар тазалап, еңбек етіп жатыр.
Кешелі бері Орал қаласының көшелерінде «Жайықтазақала» мекемесінің 139 арнайы техникасы қар тазалауда жүр.
– Олардан бөлек, 25 бірлік құм төсегіш, 30 бірлік МТЗ тракторы, қар мен қоқысты шығару үшін 53 бірлік КАМАЗ, 27 бірлік тиегіш көлік, тротуарларға арналған 4 бірлік ВТЗ тракторы жұмылдырылған, - деп атап өтті «Жайықтазақала» мекемесінің маманы Арген Ғұбашев.
– Ең бірінші кезекте адамдар көп жүретін көшелер мен жол жиектері тазаланып жатыр, - дейді мамандар. Ал жеке секторлардағы қар екінші кезекте шығарылатын болады.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта Асан және Балауса полигонында 30 мың құм-тұз қоспалары дайындалған.
Сондай-ақ қала көшелерінде 300-ге жуық жұмысшы қар тазалу жұмысында жүр.
Жанат Көшкінбай
zhaikpress.kz