2026 жылдың 24 тамызы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорда төрінде халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті. Жұлдызды оқушылардың ішінде Орал қаласындағы NIS оқушысы Шыңғыс Қарасаев бар.

Президентіміз дарынды жастарды «Қазіргі заманның нағыз батырлары» деп атап, білім жолындағы жоғары жетістіктері үшін қомақты қаржылай сыйлықпен қолдау көрсетті. Ақордадағы қабылдауынан соң «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин да дарынды балалармен жүздесу ұйымдастырып, өз құттықтауын жеткізді.
Шыңғыс Қарасаев – республикалық және халықаралық білім додаларында топ жарып жүрген мақтаулы шәкірт, биылғы мектеп түлегі.
Айтулы жетістіктеріне тоқтала өтсек:

Дарынды оқушымыз 2025-2026 оқу жылын Үздік аттестатпен тәмамдап, бірнеше белді жоғары оқу орындарының грант иегері атанды. Таңдауы Гонконг еліндегі City University of Hong Kong университетіне түсіп, бүгінде студенттік өмірге қадам басқалы отыр.
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебінің баспасөз қызметі