4.10.2023, 13:00
Оқылды: 64

Орал: саябақтың оң жағалауы абаттандырлып жатыр

Қалалық мәдениет және демалыс саябағының оң жағалауы абаттандырылып жатыр. Бұл туралы Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

парк карусель жп дрон

Аталмыш жоба аясында қалалық мәдениет және демалыс саябағының оң жағалауынан Зашаған кентінің Көктерек көшесіне дейін асфальт салынды.

Жолдың жалпы ұзындығы — 2 164 метр. Жолды «Шамшын» ЖШС мердігер мекемесі салған.

Биыл көктемде аталған жоба бойынша оң жағалауға автокөлік тұрағы салынған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале