14.02.2017, 17:13
Оқылды: 61

Орал - спортшылар қаласы

7940b0c1-78ab-4975-a2c1-248eabf34f51Қала әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, былтыр Оралда 500-ден астам спорттық бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылған. Өткен жылы спортпен айналысушылардың саны 79 мыңнан асып, бұл жалпы қала тұрғындары санының 27,6 пайызын құрайды.


Өткен жылы 4 спорттық алаң және жалпы ұзындығы 3 шақырым велосипед жолы қолданысқа берілді. Қыс кезеңінде көпшілік мұзда сырғанау үшін 25 алаңға мұз құйылды. Спорт алаңдарының құрылысы биыл да жалғасатын болады.

- Алты жерлесіміз Рио-де-Жанейеродағы жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. Бокстан жасындай жарқырап алтын алған Данияр Елеусінов пен әйелдер күресінен қола жүлде ұтып алған Екатерина Ларионованың жетістіктеріне қалай айтпасқа? Күні кеше Алматыда өткен 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадада шорт-тректен елдің, облыстың намысын қорғаған спортшыларымыз жүлдесіз қалмады. Абзал Әжғалиев күмістен алқа тағылса, Нұрберген Жұмағазиев, Айдар Бекжанов және Анита Нагай қола жүлдеге ие болды,-деді қала әкімі ел алдындағы есебінде.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале