24.03.2025, 11:30
Оқылды: 167

Орал волейболының түлегі Сербия чемпионатында өз клубымен үздік үштікке кірді

Қазақстандық волейболшы Сана Анарқұлова өнер көрсететін «Уб» клубы Сербияның тұрақты чемпионатында үшінші орынға ие болды.

IMG_8071

Фото: instagram.com/sanajarlagassova

«Уб» соңғы ойында «Партизан» командасын 3:0 (25:19, 25:20, 25:21) есебімен ұтты.

Тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша Сананың клубы 51 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

«Железничар» 58 ұпаймен көш бастаса, «Тент» (53 ұпай) екінші орынға тұрақтады.

Сана Анарқұлова (қыз күніндегі тегі Жарлығасова) оралдық бапкер Көлеңке Ғұбашевтың басшылығымен жаттығып, спорттық жолын БҚО-ның «Грация KZ» командасында бастады.

Кейін «Иртыш-Казхром», «Алматы», «Астана», «Алтай» және «Тұран» клубтарында ойнап, сегіз дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Өткен жылы түркістандық «Тұранды» команда капитаны ретінде өрге сүйреді.

Ол сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны ретінде өзгелерге үлгі көрсетіп келеді.

С.Анарқұлова — Азия кубогының екі дүркін қола жүлдегері. Азия ойындарында қола медаль алды. Оған қоса клубтық командалар арасында Азия чемпионатында алтын мен күміске қол жеткізді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале