Оралда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 50-ден астам іс-шара өтеді, деп хабарлайды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
30 мамыр күні сағат 18.00-де «Атамекен» өнер ордасында «Арман мен шабыт әлемі» атты эстестикалық бағыттағы мектеп-гимназия оқушыларының есеп беру концерті өтеді.
1 маусым күні сағат 11.00-де қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Әлем балалар көзімен» атты асфальтқа сурет салу ұйымдастырылады.
Мереке күні сағат 10.00-де Шабыт орталығында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнап акция өткізіледі.
Дәл осы күні сағат 10.30-дан бастап Тұңғыш Президент алаңында «Балалардың игілігі үшін» деген атаумен мерекелік концерт пен шеберлік сағаттары, ал 11.00-ден 12.00-ге дейін өрт және авариялық құтқару техникасы мен жабдықтарының көрмесі өтеді.
1 маусым сағат 12.00-де Арқанды саябақта туризм техникасынан қалалық жарыс болады.
1 маусым күні сағат 15.00-де Д.Нұрпейісова көшесі бойындағы амфитеатрда «Егіз-лебіз» атты егіздер арасында байқау өтеді.
Қалалық мәдениет және демалыс саябағында 1 маусым 16.00-17.00 аралығында Шаған өзенінде сүңгуірлік бөлімшенің жұмысы таныстырылады.
Кешкі сағат 17.00-де Қ.Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында мерекелік концерт өтеді.
Сағат 18.00-де Д.Нұрпейісова көшесі бойындағы амфитеатрда «Сенімді дос» ертегісі сахналанады.
2 маусым күні сағат 10.00-де Ә.Молдағұлова көшесі, 20 мекенжайында комьюнити орталығы ашылады, ал сағат 11.00-де Жастар мәдениет сарайында «Бала тілі - бал» атты байқау өтеді.
2 маусым сағат 11.00-де Рысқұлбеков көшесі,1 мекенжайында «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік концерт ұйымдастыралады.
4 маусым күні мерекеге орай Шаған өзенінің оң жағалауында көпшілік жүгіру өтеді.
zhaikpress.kz