Орал қаласында қазіргі уақытта мемлекеттік бағдарламалар аясында 14 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Екі жылдың ішінде барлық үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Ақжайық шағынауданында мемлекеттік бағдарламалар арқылы 25 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда 11 үйде құрылыс-монтаж жұмысы жүргізілуде.
Шағынауданда ішкі жол құрылысы және қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жобалар басталды.
Оралда апатты үйлердің мәселесі шешілуде. Күні бүгінге 25 апатты үй бұзылып, олардың орнына 14 жаңа үй пайдалануға берілді. Қазіргі таңда «Реновация» бағдарламасы арқылы сегіз үй салынуда.
Кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін күрделі жөндеу жалғасуда. Биыл алты көппәтерлі үйдің шатыр жабынына күрделі жөндеу жүргізілді. 2024 жылы 26 үйді күрделі жөндеу көзделген.
zhaikpress.kz