Қалаға қар кеше түстен бастап жауды. Бүгін редакция тілшілері адам көп жүретін орындардағы қар тазалау жұмыстарымен танысып қайтты.Қалаға қар кеше түстен бастап жауды. Бүгін редакция тілшілері адам көп жүретін орындардағы қар тазалау жұмыстарымен танысып қайтты.
Көзге түскені автобус аялдамаларының маңайын қардан тазалау жұмыстары қарқын алған. Жаяу жүргінші жолдарында да қар сыпыру жұмыстары жүріп жатыр.
-Көшені қардан тазалау жұмыстары 15:00-де басталып, таңғы 5:30-да аяқталды. Қазір күндізгі ауысымда 15 техника жаяу жүргінші жолдарына құм себумен айналысуда. Әзірге үлкен көлемде қар түсе қойған жоқ. Мамандар да, техника да жеткілікті, - деді "Жайық таза қала" мекемесінің жетекшісі Ринат Нұрғалиев.
Кеше түнгі ауысымда көшені қардан тазалау үшін 81 техника жұмыс істесе, бүгін 100-ге жуық техника жұмылдырылған. Қар тазалау жұмыстарына жалпы саны 300 адам тартылған.
-Олар жаяу жүргінші жолдарына құм сеуіп, аялдамалар маңайын қардан тазалап жүр, - деді Ринат Нұрғалиев.
Естеріңізге сала кетейік, жақында облыс әкімі Ғали Есқалиев «Жайық таза қала» мекемесінің қысқа дайындығын тексерді.
Сол жерде әкім «Тазаланбаған қардын, ойылмаған мұздың кесірінен адамдар тайып құлап жарақат алмайтын болсын. Қаланы қардан тазалау жұмыстарын жүйелеп, графиктеріңді қайта қарап, дайын отырыңдар» деген болатын.
Жанат Көшкінбай,
Фото авторы: Гүлмира Сәрсенғалиева