17.11.2022, 12:30
Оқылды: 81

Оралда 300 адам қар тазалау жұмыстарына жұмылдырылған

Қалаға қар кеше түстен бастап жауды. Бүгін редакция тілшілері адам көп жүретін орындардағы қар тазалау жұмыстарымен танысып қайтты.Қалаға қар кеше түстен бастап жауды. Бүгін редакция тілшілері адам көп жүретін орындардағы қар тазалау жұмыстарымен танысып қайтты.

AC3D1B01-C0DF-465C-A0E2-D9B78561605F

72896A85-7941-441F-9A9E-5AD7D8535FFD

Көзге түскені автобус аялдамаларының маңайын қардан тазалау жұмыстары қарқын алған. Жаяу жүргінші жолдарында да қар сыпыру жұмыстары жүріп жатыр.

0DFFD299-92FC-4EA1-9AAA-310F4F9041A8

EC14C81F-0B9A-450F-9C44-8361708AC022

-Көшені қардан тазалау жұмыстары 15:00-де басталып, таңғы 5:30-да аяқталды. Қазір күндізгі ауысымда 15 техника жаяу жүргінші жолдарына құм себумен айналысуда.  Әзірге үлкен көлемде қар түсе қойған жоқ. Мамандар да, техника да жеткілікті, - деді "Жайық таза қала" мекемесінің жетекшісі Ринат Нұрғалиев.

A06E0D45-453A-40F0-8C34-267BA5774506

Кеше түнгі ауысымда көшені қардан тазалау үшін 81 техника жұмыс істесе, бүгін 100-ге жуық техника жұмылдырылған. Қар тазалау жұмыстарына жалпы саны 300 адам тартылған.

E4D92D1A-A332-4CB2-954B-F219806A2D51-Олар жаяу жүргінші жолдарына құм сеуіп, аялдамалар маңайын қардан тазалап жүр, - деді Ринат Нұрғалиев.

02BFC3D9-8FA3-406F-A7B8-00DE4178BC98

AAE6BE1A-1286-4D6F-AFED-303644D0ADC2

Естеріңізге сала кетейік, жақында облыс әкімі Ғали Есқалиев «Жайық таза қала» мекемесінің қысқа дайындығын тексерді.

06368C1B-FA39-46E6-9FF4-EB62F772E0AE

Сол жерде әкім «Тазаланбаған қардын, ойылмаған мұздың кесірінен адамдар тайып құлап жарақат алмайтын болсын. Қаланы қардан тазалау жұмыстарын жүйелеп, графиктеріңді қайта қарап, дайын отырыңдар» деген болатын.

Жанат Көшкінбай,

Фото авторы: Гүлмира Сәрсенғалиева

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале